Образование

Биыл қаламызда бірінші сыныптың табалдырығын үш мыңнан астам бүлдіршін аттағалы отыр

Written by Редактор

Қалалық білім беру бөлімінің бүгінгі ақпараты бойынша бірінші сыныпқа 3521 бала қабылданған, оның ішінде балалардың 20% – ы мемлекеттік оқыту тілін таңдаған екен

Бұл  көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2% – ға жоғары дейді мамандар. 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілде оқытатын балалар контингентін ұлғайту жөніндегі “Жол картасына” сәйкес, қаланың білім беру жүйесінде 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 3 мектепте (Абай атындағы мектеп, физика-математика лицейі, Дружба мектебі) мемлекеттік тілде 156 орындық 10 сынып ашылған. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш буын сыныптары үшін 11 мектептің базасында ұзартылған күннің 126 тобы ашылған. Бұл  (№9 ЖББМ, №10 ЖББМ, №11 ЖБМ, №15 ЖБМ, №18 ЖББМ, №20 ЖБМ, А. Бөкейхан атындағы № 28 ЖББМ, № 115 ЖББМ, ДОМ, ФМЛ). Биыл жоспарға сәйкес тағы 4 бірінші жинақ-сынып қосылады (Абай атындағы мектеп базасында үш сынып және ФМЛ базасында тағы бір жинақ-сынып). Ұзартылған күн топтарының саны да артады деп күтілуде.

Жан Шаймерден


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

About the author

Редактор