Погода

Бүгін қар, боран, көктайғақ күтіледі

Written by Редактор

Қостанай облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының синоптиктерінің болжамы бойынша, бүгін боран күтілуде.

Бүгін түнде қар жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы -3…-5 градусқа дейін төмендейді. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 7 м/с, екпіні 14 м/с-қа дейін жетеді.

Демалыс күндері жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -8…-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…-2 градус аралығында болады.

Аяжан СЕРІК, фото біздің архивтен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

About the author

Редактор